Шымкент автокөліктеріне "17" нөмірі берілді
Шымкент қаласының автокөліктеріне «17» мемлекеттік нөмірі беріліп, жүргізуші куәліктеріне «Y» литері басылады
"Қазинформ" АА хабарлауынша, аталған бұйрық бүгін ғана ресми жарияланған.
- Бүгін ішкі істер министрінің бұйрығы ресми жарияланды. Оған сәйкес, ведомствоның кейбір нормативтік-құқықтық актілеріне өзгеріс енгізіледі. Атап айтқанда, Шымкент қаласы өңірін белгілеу үшін «17» саны қолданылады. Шымкенттен берілетін жүргізуші куәліктеріне «Ү» литері басылады. Түркістан облысы «13» мемлекеттік нөмірінде және «Х» литерінде қала бермек, - деп мәлімдеді баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, 2018 жылғы 19 маусымда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесін берген болатын.