Өскемен
облачно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +8°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +15°
  • Павлодар
    +5°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +8°
  • Шымкент
    +15°
$
479.23
+0.69
534.96
+1.20
¥
68.35
+0.10
5.16
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Бурабайда «Ботай» мәдени-тарихи музейінің визит орталығы ашылды

Бурабай демалыс аймағында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ботай» мәдени-тарихи музейінің визит орталығы ашылды

Жекебатыр тауының баурайындағы Ақылбай орман шаруашылығы аумағында салынған визит орталықты ашу рәсіміне Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин, «EQUUS» көркем кинотрилогиясының продюсері Нұрбол Баймұханов, жоба авторларының бірі, археолог, Ботай мəдениетін ашқан ғалым Виктор Зайберт қатысты, деп хабарлайды Егемен Қазақстан Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Бір жыл бұрын біздің министрлік «Жылқы» телевизиялық ғылыми жобасына қатысты. Әлемнің 16 елі атсалысқан жобаның мақсаты – жылқының шығу тарихы мен эволюциясын зерттеу. Ғалымдар алғашқы жылқылар Қазақстан аумағында, дәлірек айтқанда қазіргі Астана, Ақмола облысының маңында осыдан 4 мың жыл бұрын қолға үйретілгенін анықтаған. Жоба жыл соңында аяқталады. Осы жобаға Ақмола облысының әкімдігі қызығушылық танытып, «Ботай» мәдени-тарихи музейінің визит орталығын ашуды қолға алды. Бұл «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудың бір белесі болса, екінші жағынан осы фильмдер арқылы жылқы малын алғаш қолға үйреткен өңірге туристерді тартуға жол ашылады. Туристер ашық аспан астындағы осы музейге келіп, сол замандағы адамдардың тұрмыс тіршілігімен таныса алады, - деді министр Д.Абаев.

Следующая →