Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Ақтөбеде зейнеткер жеті жыл бұрынғы алаяқтығы үшін сотталды

2011 жылы өзінің үш танысына арзан бағада пәтер алып беруге уәде еткен зейнеткер тұтқындалды

Зейнеткер 2011 жылы үш танысына мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған пәтерлерді 22,5 мың доллардан сатып алуға ұсыныс білдірген, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты. Олар барлығы бірігіп жеті пәтер алмақ болып, қажетті соманы ұсыныс тастаған таныстарына ұстатқан. Бірақ уәде етілген пәтерді әлі де алмаған.


Ал сот барысында ол өзі де алаяқтардың құрбаны болғанын алға тартқан. Оның айтуынша, арзан бағада сатылып жатқан пәтерлер туралы жат адамнан естіп, жиналған соманы соған өткізген. Тіпті, ақша салынған ораманы ашпағандықтан, қанша сома өткізгенінен бейхабар екенін де айтқан.


Бірақ сот зейнеткерді алаяқтық әрекеті үшін айыпты деп тапты. Ол жалпы режімдегі режімде 1,5 жыл бойы жазасын өтемек. Сонымен қатар, сот зардап шегушілерге 54 млн теңгені қайтарып беруге міндеттеді. 2011 жылы доллар бағамы екі есеге төмен болса да, талап бойынша ол өтемді биылғы маусым айындағы бағаммен төлейтін болады.

Следующая →