ҚР Президенті ғарыштық-зымыран техникасы көрмесінде болып қайтты
Мемлекет басшысы "Астанаға аймақтардан тарту" жобасы аясында Қызылорда облысында салынған ғарыштық зымыран техникасы ашық мұражайында болды
Елбасы көрме экспонаттарын тамашалар қана қоймай, ғарыштық құрылғылардың құрау-сынау кешендерінің мүмкіндіктерімен де таныс болды, деп хабарлайды Ақорда сайты.
- Менің тапсырмам бойынша, француздармен бірге жасанды Жер серіктерін құрастыратын зауыттың құрылысын іске қостық. Жақын уақытта өзіміздің жер серіктерімізді құрастыра бастаймыз. Өзіміздің іске қосу құрылғымыз бар, 2022 жылы "Зенит" зымыраны дайын болмақ. Осылайша, біздің ғарыштық өндіріс жаңа технологиялық деңгейге шығады, ал Қазақстан толыққанды ғарыштық держава болмақ, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.