Бүкіл Қазақстан Домбыра күнін атап өтуде
Бүгін Қазақстан жұртшылығы шілденің алғашқы жексенбісі - 1 шілде күні Ұлттық домбыра күнін алғашқы рет атап өтеді
Ұлттық домбыра күнінің белгіленуі қазақ халқын ерекше қуантып отыр, деп хабарлайды "Қазинформ" АА.
Домбыра күнінің мерекеге айналуы - көнеден жеткен асыл қазынамызға, ұлттық мұрамызға берілген лайықты баға деп білеміз. Ұлттық домбыра күнін тұңғыш рет лайықты түрде атап өту үшін елордадағы Астанадағы Қазақ елі монументі алдында бүгін 3 мың күйші бірнеше күйді бір уақытта орындайтын болды. Ол шараға Айгүл Нариманқызы (Үлкенбаева), Тұрар Әліпбаев (Қазақ ұлттық өнер университетінің проректоры), Арман Жүдебаев, Бекболат Тілеухан, Секен Тұрысбек секілді белгілі күйшілер мен танымал адамдар қатысады.
Домбыра күнінің белгіленгеніне көп уақыт өткеніне қарамастан, ұлттық аспабымызды ұлықтау бағытында өңірлерде бірқатар игі шаралар да атқарылып үлгерді. Нақтырақ айтқанда, Павлодар облысының Екібастұз қаласында биіктігі жеті метр домбыраның мүсіні орнатылса, Шығыс Қазақстанның Жарма ауданында да дәл осындай ескерткіш бой көтерген еді.