Түркістан облысы баламалы энергияны дамытуға көңіл бөлмек
Түркістан облысының әкімдігі мен «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы өзара меморандумға отырды
Аймақ басшысы қол қойылып отырған құжат облыс орталығы Түркістан қаласының экономикалық әлеуетін дамытуға мол мүмкіндік ашатынын айтты, деп хабарлайды Отырар сайты.
- Елбасымыз баламалы энергия көздерін пайдалану арқылы жасыл экономиканы енгізуді үнемі айтып келеді. Міне, бүгінде облыс орталығы Түркістан қаласы осындай жаңашылдыққа бет бұрғалы отыр, – деді Жансейіт Қансейітұлы.
Меморандумда аймақтың әлеуетін пайдалана отырып, Түркістан облысында шетелдік инвесторлармен бірлескен жобаларды жүзеге асыру көзделген. Сонымен қатар, құжатта қосымша энергия өндіру үшін, күн және жел электр станцияларының құрылысына инвестициялар тарту, энергияны және аудандық газбен жабдықтауда ресурсты үнемдейтін технологияларды қолдану, ауыл шаруашылығы саласындағы биотехнологияларды дамыту, таза сумен қамтамасыз ету жолдары қаралған.