ҚР Сенаты латын қарпіне көшу жайын талқылады
Сенатта латын әліпбиіне көшу және қазақ тіліндегі терминологияны жақсарту бойынша кездесу өтті
Сенаттың ғылым және әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Бірғаным Әйтімова латын қарпіне 2025 жылдан бастап көшу қажеттігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жаңа алфавит үшін емле ережелерін дайындауы тиіс жұмыс тобының алғашқы нәтижелері туралы баяндады.
- Қыркүйек айында емле ережелерін дұрыс жазу қағидалары мамандарға, барлық оқу орындарына және тиісті органдарға жіберіледі. Жылдың соңында олардың ұсыныстарын ескере отырып, осы ережелерді бекіту жоспарлануда, - деді министр.