Екі жылдың ішінде ҰБТ-дан бірінші рет 140 балл жинаған оқушы болды
Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде ең жоғары 140 баллды Алматы қаласының түлегі жинады
Бұл жайында ҚР Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап, sputnik сайты хабарлады.
- Құдайбергенова Шиара Әбдірахымқызы, Алматы қаласының №123 мектеп-гимназиясының түлегі, ең жоғары балл жинады – 140. Шиара 25 маусымда Ұлттық аграрлық университет базасында тест тапсырған. Шиара мен оның ата-анасын, ұстаздарын құттықтаймыз, - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.