Қазақстанда Полиция департаменті құрылады
"Ішкі істер органы қызметі" жайлы заңға өзгерістер еніп, енді Ішкі істер департаменті мен жергілікті полиция қызметі бірігіп, ол бұл орган Полиция департаменті деп аталатын болды
Бұл заң жобасын ҚР Парламенті мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жаңа орган тек Ішкі істер министрлігіне ғана бағынатын болады. Ал Полиция департаментінің басшысын Ішкі істер министрлігінің нұсқауы бойынша облыс әкімдері тағайындайды.
Екі органның бірігуі бір-біріне бағыныштылығын арттырып, заңбұзушылықтардың алдын алуға бірігіп жұмыс жасауға мүмкіндік беретін көрінеді.
Тақырыптар:
Департамент полиции в Казахстане Законодательство в Казахстане Законопроекты в Казахстане