Қазақстан пәкістандық шайдың импортына тыйым салды
Шайдың белгілі бір түрлерінің құрамынан зиянды бояғыштар мен зең анықталуы тыйым салуға негіз болды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті тұтынушылардың стандарттарына сәйкес келмейтін шай сату фактілерін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХХА сайты.
Пәкістаннан шыққан шайдың келесі түрлеріне импорттауға тыйым салынады:
"Al Barkat", "Gajjal's Теа", "Allama", "Pac Tea" және "Allied Tea". Олардан осы өнім түріне тыйым салынған синтетикалық бояғыштар E110 және E102 табылған. Сонымен қатар, көрсетілген кейбір шай түрлерінде құйма мөлшері 2, 4 және 10 есе артық.