Бала құқықтары жөнінде жаңа уәкіл тағайындалды
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Сәуле Айтпаева Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Өкімімен Зағипа Яхияқызы Балиева Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінен босатылды, деп хабарлайды "Қазинформ" АА.
Сәуле Мұханбедианқызы 1960 жылдың 22 мамырында Торғай облысы Жақсы кентінде дүниеге келген. 1977 жылы бұрынғы Торғай облысы Жақсы аудандық прокуратурасы кеңсесінің меңгерушісі,1978 жылы Жақсы аудандық комсомол комитетінің машинисі болып жұмыс істеген. 1979-1983 жылдары Свердлов заңтану университетінің «құқықтану» мамандығы бойынша оқуға түсті.
Мемлекет басшысының 2012 жылдың сәуіріндегі Өкімімен ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрайымы болып тағайындалды.
"Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрметті қызметкері" (2001) атағы бар, "Ерен еңбегі үшін" (2005), "Астананың 10 жылдығы" (2008), "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл" (2011), "Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл" (2011) медальдарымен марапатталған.