Бір қорап тәтті үшін жарты миллион айыппұл салынды
Петропавл қаласындағы мемлекеттік қызметкерлер 8 наурыз мерекесімен құттықтаған кәсіпкер азаматшаның үстінен шығам түсірген
Сот шешімі бойынша азаматшаға жарты миллион теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайты.
Мемлекеттік кірістер департаментіне мереке қарсаңында келген кәсіпкер әйел канцелярия бөлімінің нәзік жандыларын бір қорап "Рафаэлло" тәттісін беріп, құттықтаған. Ал азаматша мекемеге негізінен өзінің алкогольді ішімдік сату бойынша тоқтатылған лицензиясын алу үшін барған көрінеді.
Ал департаменттік қауіпсіздік қызметі оның бұл әрекетін жемқорлық деп таныған.
Бірақ сот бұл әрекетті әкімшілік құқықбұзушылық деп танып, 200 АЕК – 481 мың теңге айып салды.
Следующая →

- Мен ол қорапты беріп, қыздарға "Мерекелеріңмен, шәй ішіңдер!" деп қалдырған едім. Ал канцелярияда ол уақытта үш әйел адам отырған. Мен оларды тек әйел азаматтары ретінде қабылдадым. Маған олардан ешқандай көмек те қажет емес еді, - деп түсіндірді кәсіпкер сот отырысында.