Балаларды қорғау күні қазақстандықтар шеруге шығады
Жаз айының бірінші күнінде өткізілетін Халықаралық балаларды қорғау күнінде облыс бүлдіршіндері мен ата-аналарын көңілді ойындар, эстафеталар, Handmade, квест және түрлі жарыстар мен сыйлықтар күтіп тұр
Аталған мерекеге орай Өскеменде балалар музыкалық ансамбльдері мен оркестрлерінің шеруі өтеді. 5 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер қатысатын мерекелік шеру "Император" сауда кешенінен басталып, Республика алаңына дейін жүреді. Астана қаласының 20 жылдығына орай өткізіліп отырған "Сәлем саған, Астана!" шеруге колледждер мен облыстық мектептерде оқитын балалар, черлидерлер, барабаншылар, жас жол инспекторлары, кадеттер, вокалдық хорлар, фольклорлық және домбыралық топтар және тағы басқалары қатыспақ.
Следующая →
- Бұл күні Шығыс Қазақстан облысының барлық тұрғындары қызықты ойындар мен жарыстарға қатыса алады. Мерекелік шеруге 5000-ға жуық балалар мен ата-аналар қатысады деп жоспарланған. Орталық алаңның 7 шеңберінде ата-аналар мен балаларға арналған көңілді ойындар, эстафеталар, Handmade, квест және жарыстар болады. Театрлық қойылым, флэшмоб, "Түрлі-түсті бу" және "Жасанды қар" шоуы мейрам қонақтарын қуантатын болады, - дейді ШҚО білім басқармасы.Сонымен қатар, "Император" сауда кешенінде "Жазғы саябақ" тақырыптық мейрамы және "Қайырымдылық өз қолыңмен" ауқымды шарасы өтпек.
- "Балаларды қорғау күнінде" кішкентай қонақтарды жарқын шоу-бағдарламалар, отбасылық ойындар, шығармашылық шеберлік сыныптары күтеді, - дейді сауда үйінің ұйымдастырушылары.Сондай-ақ, Өскеменнің сол жағалау кешенінде "7 КЕРЕМЕТ" атты ауқымды мейрам өткізіледі. "Көшбасшылар клубының" ең үздік жүргізушілері барлық көрермендер үшін Этноауылдың сахнасында ойындар мен байқаулардан тұратын ойын-сауықтық бағдарламаларын ұсынады.