Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу үрдісі жеңілдейді
Қазақстанда зейнетақы төлемдерін алу үрдісі ағымдағы жылдың шілде айынан бастап жеңілдей түспек
Зейнеткерлерге берілетін зейнетақы төрт түрге бөлінетіндіктен, зейнетақы төлемдерін рәсімдеу үшін бірнеше орынға құжат өткізу керек еді, деп хабарлайды "Қазақпарат" ХАА сайты.
Енді 2018 жылдың шілде айынан бұл үрдіс жеңілдей түседі. Зейнет жасына жеткен азаматтар тек бір орынға – мемлекеттік корпорацияға ғана жүгінетін болады. Зейнетақының үш түрін – мемлекеттік базалық, жас бойынша және БЗЖҚ зейнетақысын рәсімдеу барысында бір ғана өтініш жазып, құжаттарды өткізу жеткілікті. Ал төртінші – мемлекеттік кепіл зейнетақысы ешқандай өтінішсіз, автоматты түрде аударылатын болады.
Следующая →

Тақырыптар:
Оформление пенсионных выплат Пенсия в Казахстане Государственная корпорация "Правительство для граждан"