Қазақстанда мектептерді қаржыландыру жүйесі өзгермек
2020 жылдан бастан Қазақстанның мектептерінде адам басын қаржыландыру жүйесі енгізіледі. Одан өзге, жеке мектептерді заңдастыру бойынша талаптарға өзгертулер енгізілді
Яғни, бұл жүйе бойынша мемлекеттік қаржыландыру мектептегі әр оқушыға жасалады. Деп хабарлайды "Казақпарат" ХАА сайты. Бұл жүйе Астана мен Алматы қалаларында сынақтан өткізілді.
Следующая →
- Мемлекеттік мектептердегі пилоттық жоба тәжірибесі оның оң жағын көрсетті. Біздің есептеуімізше, жан басын қаржыландыру жүйесі бойынша жалпы мектептерді қаржыландыру 13%-ға артпақ, - дейді Білім және ғылым вице-министрі Б. Асылова.Нормативтік жан басын қаржыландыру үш деңгейге бөлінеді. Ол білім беру деңгейіне байланысты – бастауыш, орта және жоғары. Бір балаға базалық мемлекеттік білім беру стандарты – 224 704 теңге, коммуналдық қызметтер мен ғаламтор – 10 823 теңге, ынталандырушы құрамдас – 231 000 теңге.