Халық банкін қайта құру Казкоммен қосылу арқылы жүзеге асырылатын болады
KASE қор биржасының сайтында хабарлағандай, бұл шешім екі қаржы компаниясының акционерлерінің жалпы жиналысында қабылданды
"Қазақстан Халық Банкі" АҚ мен "Казкоммерцбанк" АҚ-ның ерікті қайта құруы "Қазкоммерцбанк" АҚ-ның "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-на қосылу нысанында жүзеге асырылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
- "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-ның бір заңды тұлғасы болады. Бұл процесс 2018 жылдың соңына қарай аяқталады. Клиенттер үшін бұл өзгеріс байқалмайды, - деп хабарлайды баспасөз қызметі.