Қазақстанда жүргізуші құқығын сот шешімінсіз айыру мүмкін
Мұндай заң жобасын елдің ішкі істер министрлігі ұсынып отыр
Қазақстан Республикасының "Әкімшілік заңбұзушылықтар Кодексіне толықтырулар мен өзгерістер енгізу" туралы жаңа заң жобасы құқыққорғау органдарына құзірет беруді көздейді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Заңда соттың шешімінсіз-ақ көлік жүргізу құқығынан айыру мәселесі қаралған. Ал жүргізуші куәлігінен айыру не айырмау мәселесі жол апаты болған жерде шешіледі.
Бұл жаңа жобасы сот органдарына түсетін жүктеме азайту мақсатында жасалғалы отыр.