Қазақстан ЭКСПО-2020-ға дайындалуда
Біріккен Араб Әмірліктері Дубайдағы ЭКСПО-2020 көрмесінде қазақстандық павильон құрылысына ең үлкен алаңдарының бірін ұсынды
Дүниежүзілік көрме 2020 жылдың 20 қазанынан бастап 2021 жылдың 10 сәуіріне дейін "Ақыл-ойды біріктіру - болашақты құру" ұранымен Дубайда өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайты.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың БАӘ-ға сапары барысында өткізілген келіссөздердің арқасында қабылдаушы ел Қазақстанға павильон құрылысы үшін 3,5 шаршы км ауданды ұсынды. Бұл көрме кешені ірі бөлімдердің бірі болып табылады және БАӘ павильонының жанында орналасқан.
ЭКСПО көрмесі Таяу Шығыстағы елде алғаш рет өткізілмекші. 25 миллионға жуық қонақты қабылдайды деп күтілуде. Қазіргі уақытта 150 ел көрмеге қатысуын растады. Ал 38 ел, соның ішінде Қазақстан, қатысу туралы келісімге қол қойды.
Следующая →