Оралда жомарт азамат көпбалалы отбасына көмектесті
Атын айтудан бас тартқан азамат қайырымдылық қорына бір миллион теңге аударған
Орал қаласының көпбалалы тұрғыны "Жұлдыз" қайырымдылық қорына жүгініп, жатақханадағы пәтерді сатып алғысы келетіндігін айтқан. Ал оның бағасы бір миллион теңге болған. Бұл қаржы отанасының қалтасында жоқ болатын.
Көпбалалы отбасының жағдайы туралы жергілікті газет жазып, тұрғындардан көмек сұраған. Ал орта жастағы ер азамат қорға хабарласып, атын атаудан бас тартып, бір миллион теңге аударған.
- Пасха мерекесіне орай сыйлық жасадым, - деген ер азамат қаржы аударар алдында.
Отбасы келесі аптада үйді сатып алмақ.