Эверестке Астананың туы тігіледі
Қазақстанның белгілі альпинисі Мақсұт Жұмаев әлемнің биік шыңы Эверестке шығып, Елорданың туын тіккісі келетіндігін мәлімдеді
Ал Мақсұт Жұмаев бастаған халықаралық экспедиция сәуірдің 10-нан бастап жолға шықпақ, деп хабарлайды "Қазинформ".
- Елордамыз – еліміздің символына айналған қала. Бұл экспедициямыздың Астананың жиырма жылдық мерейтойына орай ұйымдастырып отырмыз. Қазақстанды әлем танығанын қалаймыз, - дейді альпинист.
Мақсұт Жұмаев – ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, әлемдегі биіктігі сегіз мыңнан асатан шыңдардың барлығын "бағындырған" альпинист.