Мектептер латын әліпбиіне бірте-бірте көшетін болады
Білім және Ғылым министрлігінің жобасында қазақ әліпбиін латын әліпбиіне көшіру кестесі бекітілді
Жобаны талқылау 20 сәуірге дейін ашық болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Латын алфавитін енгізгенге дейін мұғалімдердің жаңа алфавитке бейімделуіне арналған біліктілікті арттыру курстарын өткізу жоспарланған. Бұл курстар 2019 жылы басталады және 2025 жылға дейін жалғаспақ.
Жоба латын алфавитіне біртіндеп көшуді қарастырады, ал мектепке дейінгі және бірінші сыныптағылар үшін латын әліпбиі 2020 жылдан бастап енгізіледі. Бастауыш сыныптар 2023 жылы латын әліпбиіне, 2024 жылы орта сыныптар және 2025 жылы жоғары сынып оқушылары ауысады.