Мұғалімдердің еңбекақысы өседі
Елбасының тапсырмасымен 2018 жылға арналған республикалық бюджет бекітілді
Елдің қаржы министрлігінде өткен Қоғамдық кеңес отырысында қосымша қазына қаражат талап ететін басты бағыттар туралы айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл басты бағыттардың арасында мұғалімдердің жалақысы көтеру мәселесі де болды. Қаржы министрлігінің Бюджетті жоспарлау департаментінің директоры О.Бейсембаевтың айтуынша, мұғалімдердің жалақысын 30-50 пайызға дейін көтеру жоспарланған.
Сонымен қатар, бюджеттің қосымша қаржысы ауылшаруашылықты дамытуға, мүгедек жандарға жәрдемақы төлеуге жұмсалмақ.