Қазақстандықтар электронды денсаулық төлқұжатына ауысады
Мемлекеттік сатып алулар бойынша жұмыс істейтін медициналық мекемелер жыл соңына дейін жазбаларды сақтаудың қағаз түрінен бас тартады
Осыған байланысты емделушілер амбулаторлық карталары, шығару қағазы және дәрігерге жолдама қағаздарынан босатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайты.
Енді пациенттер туралы деректер медициналық ақпарат жүйелерінде орналастырылады. Оған ЖСН және цифрлық қолтаңба арқылы қол жеткізуге болады.
Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығының бас директоры О. Әбішевтің айтуынша, созылмалы аурулары бар науқастардың жай-күйі туралы емханаға бармай, дәрігерге хабарлауға мүмкіндік беретін мобильді қосымша әзірленуде. Дәрігерлер денсаулық жағдайын нақты уақыт режімінде қадағалайды.
Денсаулық сақтау министрлігі электронды денсаулық төлқұжатының жүйесі биыл жұмысын бастайды деп жоспарлап отыр.
Следующая →

- 2020 жылға дейін барлық медицина және фельдшерлік-акушерлік пункттерге ғаламтор желісіне қолжетімділік беріледі, - деді О.Әбішев.
Денсаулық сақтау министрлігі электронды денсаулық төлқұжатының жүйесі биыл жұмысын бастайды деп жоспарлап отыр.
Тақырыптар:
В Казахстане переходят на электронные паспорта здоровья Здравоохранение в Казахстане Республиканский центр электронного здравоохранения