Өскемен
Бұлтты
+3°
  • Өскемен
    +3°
  • Семей
    +1°
  • Алматы
    +4°
  • Риддер
    +1°
  • Астана
    +1°
  • Ақтөбе
    +3°
  • Ақтау
    +13°
  • Атырау
    +9°
  • Қарағанды
    -0°
  • Көкшетау
    +1°
  • Қостанай
    -1°
  • Қызылорда
    +8°
  • Павлодар
    -0°
  • Петропавловск
    -1°
  • Тараз
    +5°
  • Түркістан
    +14°
  • Орал
    +2°
  • Шымкент
    +11°
$
491.29
-0.39
562.92
-5.31
¥
71.25
-0.32
6.1
-0.10
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстанның Бас мүфтиі Наурыз мейрамымен құттықтады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз барша қазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады

ҚР Мұсылмандары Діни басқармасы сайты хабарлағандай, Наурыз – қайырымдылықтың мерекесі. Бұл күндері халқымыз жетім мен жесірді жабырқап, кембағал мен мүгедекке қайырымдылық көрсеткен. Жұтқа ұшыраған жандарға жұмылып, жылу жинап берген.

- Біз "Бір тал кессең, он тал ек" деген мақалды тіршіліктің қағидасына айналдырған халықпыз. Үлкеннен үлгі болып, ұрпаққа жалғасқан өнегелі өмірлік дағдыларымыздың бірі – ата мен баланың ағаш отырғызуы. Наурызда көрініс табатын осынау игі амалдың мәні ерекше. "Қиямет боларын біліп тұрсаң да қолыңдағы бір түп ағашты отырғызып қал", – деген хадистің тәрбиелік мағынасы тереңде жатыр, - дейді Бас мүфти. - Баршаңызды ұлтымыздың ұлық мейрамы – Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Күллі түркі жұртының төл тойы – әз Наурыз еліміздегі түрлі ұлтты ұйымшылдыққа ұйыстырып, кешірім мен мейірімнің мерекесіне айналып келеді.


Следующая →