Қазақтың ұлттық тағамдарын танытатын тур ұйымдастырылады
Kazakh Tourism Ұлттық компания "Ұлы Жібек жолының тағамдары" атты туристік тур ұйымдастырмақ
Соңғы уақыттары гастрономиялық турға деген әлемнің қызығушылығы артуда, деп хабарлайды Tengrinews.
Ұлттық тағамдар туристер үшін аса қызықты. Соған байланысты қазақстандық компания туризмнің жаңа бағытын дамытуды ұсынды. Мұнда тек қазақтың ғана емес, Орта Азия халықтарының ұлттық тағамдары жайлы да айтылмақ. Ал жаңа туристік бренд "Ұлы Жібек жолы" деп аталатын болады.