Қарағандыда өрт салдырынан шахтадағы жұмыскерлер көшірілді
Өрт сенбі күні кешке "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің Костенко атындағы шахтасындағы желдету түйісімінде орын алған
Компанияның баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, ауысым бастығы дереу апатты жою жоспарын енгізген.
- Шахтаның барлық жұмыскерлері жер үстіне шығарылып, қауіпсіз жерге көшірілді, - делінген хабарландыруда.
Компанияда хабарлағандай, өрттің шығу себептері мен мән-жайы комиссиялық тексеруден кейін анықталады.