Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Сот залына ұялы телефонмен кіруге рұқсат беріледі

Жоғарғы сот отырысқа қатысушылардың пікірін есепке ала отырып, Қазақстандағы сот залдарына кірудің жаңа жобасын дайындауда

Елдің сотқа кіру ережелері Жоғарғы соттың қаралуында, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоғарғы соттың ресми сайтында хабарланғандай, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының, Қазақстан Республикасы жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының аппаратының) және оның аумақтық органдарының аумағына және ғимараттарына келушілер үшін өткізу және объектішілік режімдерді қамтамасыз ету жөнінде жаңа қағидалардың (бұдан әрі - Қағидалар)  жобасын әзірлеу жұмысын жүргізуде.

Қағидалар жобасы Жоғарғы сотқа келіп түскен адвокаттар қоғамдастығының және сот процесіне басқа да қатысушылардың көзқарастары ескеріле отырып жасалды. Қағидалардың жаңа тармақтарының бірінде соттардың ғимараттарына келетін сот процестеріне қатысушыларға жазба құрылғыларды, есептеу техникасын, мобильді құрылғыларды (смартфондар, планшеттер және т.б.), ақпарат жеткізгіштерді (флеш-карталар, USB-дискілер және т.б.) және басқа да техникалық құралдарды, оның ішінде деректерді беру, сондай-ақ халықаралық жаһандық желіге және Интернет желісіне  шығу мүмкіндіктері бар сымсыз құралдарды кіргізуге  рұқсат беру ұсынылған.  

Осы жаңашылдықтар "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, сонымен қатар, соттардағы "электрондық сот төрелігі" сервистерін одан әрі дамыту мен жетілдіру  шеңберінде жүзеге асырылуда.

 
Следующая →