Банктер қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түрінен сақтануды сұрайды
Kaspi Bank, Home Credit Bank, Forte Bank, Eurasian Bank және Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы азаматтарға хабарландыру жариялады
Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығының сайтында хабарланғандай, соңғы кездері қазақстандықтардың қаржы алаяқтарына алданып қалу жағдайы арта түскен.
Делдалдық атқаратын фирмалар азаматтарға банктен несие алып беруге көмектесіп, ақшаның бір бөлімін фирмаға беруді ұсынады. Олар қарызданушының орнына несиені жауып, банк тарапынан туындаған сұрақтарды шешіп отыруға уәде береді. Біраз уақыттан соң алаяқтар ақшаны алған соң жоғалып кетеді.
Қаржы өкілдері үшінші жақпен ешқашан жұмыс істемейтіндерін, делдалдық компанияларға жүгінбейтіндерін ескертеді. Банкпен туындаған несиелік сұрақтар "Банктер мен банк қызметі туралы" заңмен және қаржы институты қарызданушы арасындағы келісім негізінде реттеледі.
Мамандардың айтуынша, аталған компаниялардың әрекетінде алаяқтықтың барлық белгілері бар және ол азаматтарды алдап кетуге ғана бағытталған. Былтыр ҚР Төңірегінде осыған ұқсас 11 қылмыстық іс қозғалған. Қазір полиция Семей қаласында қаржылық алаяқтық істеді деген күдікпен екі фирмаға қатысты соталды тергеу жұмыстарын жүргізуде.
Следующая →