Өскемен
ясно
+18°
  • Өскемен
    +18°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +23°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +17°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +22°
$
467.29
+2.01
501.03
+1.83
¥
64.34
+0.24
5.35
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Михаил Козлов
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстан бақытты елдердің қатарына кірді

Қазақстанда сауалнамаға қатысқан адамдардың 74 пайызы өзін бақыттымын деп белгілеген

Халықаралық Gallup зерттеу агенттігі 2017 жылдың қараша-желтоқсан айларында «Жыл қорытындысы» атты сауалнама жүргізді. Оған әр елдің адамдары қатысты. Сауалнаманың мақсаты – қай елдің азаматтары өзін бақытты санайтындығын анықтау.

Сауалнамаға барлығы 54 мың адам қатысқан. Оның 59 пайызы өзін бақытты санаса, 11 пайызы өзін бақытсызбын деп айтқан.

Ал ең бақытты адамдар Фиджи аралында өмір сүретін болып шықты. Мұнда сауалнамаға қатысқандардың 92 пайызы өзін бақыттымын деп атаған. Екінші орында Колумбия, үшінші орында Филиппин елі тұр.

Ал Қазақстанда бақытты адамдардың үлесі – 74 пайыз. Бұл жағынан Қазақстан жетінші орында тұр. Ал Иран, Ирак, Украина азаматтарының тек 5-8 пайызы ғана өзін бақытты санаған.


Следующая →