Бағдат Мусин шетелдіктердің ҚР төңірегінде қалуын жеңілдетуді ұсынды
Мәселенің оңай, әрі нәтижелі шешімін ол Facebook әлеуметтік желісінде жариялады
ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп бойынша Комитетінің төрағасы Қазақстанға келген шетелдіктерге қазір жұмыс істеп тұрған ережелер көптеген қиындықтар тудыратындығын айтады. Бұл сұрақты ол Facebook-тегі парақшасында көтерді.
Следующая →
- Елімізге 30-60 күнге кіру үшін шетелдіктер елімізден неге бір күнге кету керектігін түсінбеймін. Бұл миға қонымсыз жағдай. Олар Қазақстаннан кетіп, қайта кіру үшін көп ақша (300-400 АҚШ доллары) жұмсайды. Біз бұны неге жеңілдетпейміз? Мемлекетке ресми түрде белгіленген соманы (мысалы, 100 доллар) төлеп тағы 30-60 күнге неге қалмасқа? - деп жазады Мусин.