Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Михаил Козлов
Ақпарат көзі:
Устинка

Астана тұрғыны Жоғарғы сот ғимаратының алдында өзін өртемек болды

Оған соттың күмәнді істі қарап, үкім шығаруы себеп болған

Астаналық келіншек тура Жоғарғы соттың алдында үстіне бензин құйып, өзін өртеп жібере жаздады, деп хабарлайды КТК телеарнасының сайты.

Еліміздің бас судьясы Жақып Асановпен кездесуді талап еткен ол, ағасының заңсыз сотталғанын айтып шу шығарды. Алайда кабинетінің түбінде өзіне қол салмақ болған тұрғын Асановпен кездесе алмай, оны полицейлер ұстап әкетті.

Бірақ жанармайды үстіне шашып, шырпыны енді жаққалы жатқанда Жақсыгүл Бекенованы тәртіп сақшылары ұстап алды. 34 жастағы әйелдің айтуынша, әскери қызметте болған ағасын судья кәмілет жасына толмаған қызды зорлады деп төрт күн бұрын 10 жылға абақтыға жапқан. Бірақ үкіммен келіспей суицид жасамақ болған әйел, істе күмәнді тұстар көп дейді. Айтуынша, материалға сәйкес зорлау фактісі екі жыл бұрын болған екен. Сол кезде 15 жаста болған қыз полицейлерге енді ғана арызданыпты. Әрі дәлел де жоқ дейді ашулы топ. Сол үшін сотталған сержантты жәбір көрген қыздың ескі достары да қорғауға келіпті.

- Зорланған қыз менің бұрынғы құрбым. Колледжде бірге оқығанбыз. Өтірікші қыз. Бізге қан ауруымен ауратынын айтып, ақша жинатқан. Талай, жігітті алдап, суицид жасамақ болды. Оны ешкім де зорлаған жоқ, - дейді Астана қаласының тұрғыны Ақбота Ақмұрзина

Следующая →