Қазақстандағы діни радикалдар адамның дүниетанымы мен шолақ шалбарынан анықталады
«Қауіпті» деп табылатын сақал ұзындығы туралы мөлшер көрсетіліп, заңға арнайы қосымша акт жазылуы мүмкін
Қазақстанның Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ІІМ бірлесе отырып бүлдіргі діни ағымңа ерушілердің белгілері туралы құжат дайындайды, деп хабарлайды дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев.
Министр әр белгінің заңның қосымша актілеріне жазылатынын да айтып өтті.
Министрдің айтуынша, полиция наряды көшеде шолақ шалбар киіп, сақал өсірген адамды бірден қамауға алмай, «оның наным сенімі және өзге де сұрақтарға жауап алып, қажеттілік туындаса, ескерту айтады».
Следующая →
- Бұл белгілердің ішіне адамның сыртқы пішінінен бастап, идеологиялық, концептулдық, психологиялық сыңайы кіреді. Мысалы төзбеушілікті, бет әлпетті жабатын киімді, сақал өсіруді, шолақ шалбарды уағыздауы мүмкін. Бірақ бұл жайттардың барлығы жеке-жеке емес, кешенді түрде және арнайы сараптаманың қорытындысымен анықталады, - дейді Н. Ермекбаев.
Министр әр белгінің заңның қосымша актілеріне жазылатынын да айтып өтті.
- Заңда барлық белгілер аталып, суреттер де көрсетілуі мүмкін. Егер талап етілсе сақал ұзындығы туралы да жазылады. Сыртқы белгілерімен бірге наным сенім мен қандай үгіт-насихат айтатыны туралы да белгіленеді. Мамандар барлығын бірден жауапқа тарта бермейді, - дейді министр.
Министрдің айтуынша, полиция наряды көшеде шолақ шалбар киіп, сақал өсірген адамды бірден қамауға алмай, «оның наным сенімі және өзге де сұрақтарға жауап алып, қажеттілік туындаса, ескерту айтады».
Тақырыптар:
Религиозные радикалы в Казахстане Министерство по делам религий и гражданского общества РК КНБ РК Борьба с экстремизмом в Казахстане