Сабақтар мұражайда өткізілмек
Мектеп оқушылары тарих, география, биология, мәдениеттану, бейнелеу өнері сынды пәндерді мұражайларға барып оқымақ
Мұнда елдің мәдениеті мен тарихы, бейнелеу өнері жайында дәрістер оқытылып, экскурсия жүргізіледі.
Оқушыларды мұражайларға апарып оқытуды жүйелі түрде қолға алу бастамасын облыс әкімі Даниал Ахметов айтып отыр. Әкімнің ойынша, мұражай бос, құр қаңтарылып тұрмауы қажет. Мәдени, тарихи жәдігерлер жинақталған, танымдық жағынан маңызы зор мұндай мекемелер балалар мен жастардың білім алар ортасына айналуы тиіс. Оның үстіне, алдыңғы жылдан бастап өңірде археологиялық жұмыстар жанданғаны белгілі. Мәдениет басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, былтыр Шілікті, Берел, Абылайкетте жүргізілген қазба жұмыстарынан жиналған 1,5 мың археологиялық жәдігер облыстық өлкетану мұражайына тапсырылған. Қазба жұмыстары әлі де жалғасады. Демек, тарихи жәдігерлер көбейе түседі деген сөз.
- Өскеменде тарихи-өлкетану, Семейде Достоевский атындағы әдеби-мемориалды, Невзоровтар отбасына арналған бейнелеу өнері сынды тамаша мұражайларымыз бар. Оны мектеп оқушыларына танытып, тарих, география, биология, жалпы мәдениетке қатысы бар пәндерді мұражайда оқудың тетігін табу қажет, - деді Даниал Ахметов.
Одан бөлек, облыс әкімі қазақтың бейнелеу өнері мен көркем суретін танытуға мән беруді тапсырды. Әсіресе, бейнелеу өнері пәнін мұражайда өткізу - қазақ өнерін дәріптеудің ең ұтымды тәсілі.
- Өкінішке орай, қазақтың бейнелеу өнері шағын ортаға ғана таныс. Бірақ қазақ суретшілерінің өткен ғасырдың 60-шы жылдарда салған көркем суреттері - әлемдік бейнелеу өнерінде жоғары бағаланған бірегей туындылар. Оның көбін қазіргі жастар білмейді. Дәріптеп, танытып жатқандар да аз. Алайда мұндай рухани байлықты, жауһар қазынаны қараусыз қалдырған жарамас, - дейді әкім.
Оның үстіне, облыстық мәденит басқармасы қазақ суретшілерінің көркем туындыларын жинау мақсатында «Арт Заман» жобасын ұйымдастырып, 2017 жылы қазақ суретшілерінің 9 суретін сатып алу үшін 30 млн теңге жұмсаған. Оның ішінде сегіз сурет Париждегі халықаралық өнер орталығының мүшесі болған Бақтияр Табиевтің туындысы болса, бір сурет Мағауия Аманжоловтікі.
Аталған жобаның негізінде ШҚО Мәдениет басқармасы биыл тағы да қазақ суретшілерінің көркем туындыларын сатып алуға 55 млн теңге қаражат жұмсауды көздеп отыр. Ал мұражайларға сатып алынған суреттердің назарсыз қалуы қаржыны құр жұмсаумен бірдей. Сондықтан оны жастарға танытудың жүйелі тетігін іске қосқан жөн.
Облыс әкімі театр саласын да назардан тыс қалдырмады. Театрға келушілердің саны көңіл көншітпейтіндігін айтып, мәдени орынға деген оқушылардың қызығушылығын тудыруға көңіл бөлу қажеттігін ескертті.
- Ол үшін мектеп оқушыларын ай сайын театрға апарып, қойылым көрсету керек. Театрда балаларға арналған арнайы қойылымдар қойылса да игі болар еді... Ауылдағы балаларды да қалаға әкеп, театрға апару қажет. Елдің өзге өңірлерімен салыстырғанда «ЭКСПО» халықаралық көрмесіне барған шығысқазақстандық оқушылар көп болды. Демек, балаларда қызығушылық бар, - дейді әкім.
Облыс басшысының ойынша, оқушыларды театрға апару жаңадан өнер үйірмелерінің құрылуына түрткі болады.
Әрине, жоғарыда айтылғандардың барлығы әзірше жоба, айтылған сөз күйінде. Дегенмен, облыс әкімі орынбасарлары мен басқарма басшыларына оқушыларды мұражай мен театрға апарудың жүйелі бағдарламасын бір айдың ішінде жасап шығу туралы тапсырма берді. Ендігі кезекте айтылған сөз бен ортаға салынған ойдың параққа түсіп, іске асуы орынбасар мен басқарманың ықылас-ниеті, білім-білігіне байланысты.
Айта кету керек, мұның барлығы - «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жасалғалы отырған жұмыстар.
Следующая →

Тақырыптар:
Сабақтар мұражайда өткізілмек