Нәрестені смс арқылы қалай тіркейміз?
Сәбиді ХҚКО бармай-ақ, үйде не перзентханада отырып тіркеуге, жәрдемақы мен куәлік алу, балабақша кезегіне тұру туралы құжаттарды рәсімдеуге болады
«Азаматтарға арналған үкімет» порталы аналар үшін тағы бір қызмет түрін ұсынып отыр. Яғни, босанған ана баласының құжаттарын мобильді үкімет арқылы рәсімдей алады.
Жүктілік кезінде кез келген әйел Халыққа қызмет көрсету орталығына келіп, жас балаға жәрдемақы алу үшін құжаттар дайындайтыны белгілі. Ал бұл кезде орталық қызметкерлері қызмет алушыны «Мгов» (мобильді үкімет) базасына тіркеп қояды. Департамент маманы тіркеуді перзентханада отырып та жүргізе алады. Ал базаға тіркелген соң, перзентхана маманы баланың туу туралы фактісін Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесіне тіркейді.
Кейін қызмет алушының ұялы телефонына кейбір мәліметтерді көрсету жөнінде өтініш хат келіп түседі. Мұнда ата-ана өздерінің, баласының толық аты-жөнін жазып, куәлікті қай АХАТ бөлімінен ала алатындығын таңдауы тиіс. Жауап жазылған хабарлама Азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімі мен Е-акимат ақпараттық жүйесіне келіп түседі. Алғашқысы куәлік жасаса, екіншісі балабақшаға тіркейді.
- Бұл деректер АХАТ ақпараттық жүйесіне келіп түседі де, мекеме мамандары баланың дүниеге келгендігін растайды. Содан кейін барлық ақпарат Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесіне жолданады да, баланы туу мен бір жасқа дейін баланы бағу бойынша жәрдемақы тағайындау жөнінде шешім шығарылады. Осыдан кейін тағайындалған жәрдемақы сомасы көрсетілген смс-хабарлама келеді, - дейді «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің директоры Азамат Есембулов.
Хабарлама Е-акимат ақпараттық жүйесіне де түсетіндіктен, босанған анаға «Мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама беру» қызметін пайдаланғысы келетіндігін не келмейтіндігін анықтайтын хабарлама да қатар келеді.
- Егерде қызмет алушы келісім берсе, онда балабақша атауын көрсетіп жауап жазады. Содан кейін баланың балабақша кезегіне қойылғандығы туралы смс-хабарлама келетін болады, - дейді Азамат Есембулов.
Көптеген мемлекеттік қызметті электронды түрде алу үшін, әдетте, электронды цифрлық қолтаңба (ЭПЦ) талап етілетін. Ал мұнда оның қажеті болмайды.
Қазіргі күнде оннан астам ана нәрестесін смс-хабарлама арқылы тіркетіп үлгерген.
Следующая →

Тақырыптар:
Нәрестені смс арқылы қалай тіркейміз?