Ауған студенті Трамқа Назарбаев арқылы жолдау айтты
Студент өзінің бейнебаяндамасында әлемдік қауымдастықтың Ауғаныстандағы қайшылықты реттеуге көмектесуін сұрады
Ауғаныстан азаматы Сабер Расули қазір Қазақстанда білім алуда, деп хабарлайды Zakon.kz. ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жуыөта американдық әріптесі Дональд Трамппен кездесетінінен хабардар болған Сабер бейнежолдау жазып, әлеуметтік желіден жариялады.
Студент өзінің өмірбаянымен бөлісті:
- Ауған соғысынан аман қалдым. Туысқандарымның қазасын көрдім. Әкемнің көз жасын да көрдім. Бұл қорқынышты. Қарындасымды мектепке жіберуге қорқамын. Қайтып оралмауы мүмкін. Бірақ мен кек жолынан алшақпын, - дейді ол.
Студент Дональд Трамптан Ауғаныстандағы бейбітшілікті қалпына келтіруін, қайшылықты реттеуін сұрайды. Бейнежолдауда Сабер Расули Нұрсұлтан Назарбаевтың қайшылықтар кезінде жиі бітімгер болатынын атап өтті.
Сонымен қатар студент жастардың өз қозғалысына қосылып «Жастар бейбітшілік үшін» атты флэшмобына қатысуға шақырды.
Следующая →
Тақырыптар:
Война в Афганистане Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев Президент США Дональд Трамп