Оңтүстік астанада Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы пайда болады
Алматы қаласының мәслихат сессиясы барысында Фурманов көшесін ауыстыру туралы шешім қабылданды
Ол ертеңгі Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды tengrinews.kz сайты. Парламент сенатының депутаты және ҚР Президентінің қызы Дариға Назарбаева бұл шешімді қолдады.
- Бұл туралы бүгін білдім. Обьективті және субьективті себептерге байланысты бұл сұрақтарға жауап беру мен үшін қиын. Өз елін сүйетін және тәуелсіздіктің 25 жылында жеткен жетістіктерімен мақтана алатын азамат ретінде бұл шешімді дұрыс деп есептеймін. Еліміздің көшбасшысы бейбіт және тыныш өмір қалыптастырғаны үшін үлкен құрметке лайық, - дейді Д. Назарбаева журналистерге.
Естеріңізге саламыз, Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен аталған көшелер Ресейде, Түркияда және Иорданияда бар.
Следующая →