Қазпоштада бағалы сәлемдемелер жиі жоғалатын болған
Қазпоштаның тұтынушылары соңғы уақытта сәлемдемелердің ашық келетінін және бағалы заттардың жоғалып кететіндігіне шағымдана бастаған
Соңғы уақыттарда әлеуметтік желілерде бағалы заттардың пошта бөлімшелерінде қолды болғандығы туралы жағдайлар жиі жазылатын болған. Тұтынушылар сәлемдемелердің ашық немесе тіпті қораптардың бос, жартылай бос келетіндігіне шағымдануда. Әсіресе, шағын, бірақ қыибат заттар салынған қаптамалар жиі қолды болатын болған.
Ал Қазпошта өкілдерінің айтуынша, сәлемдемелердің көбі Қытай, Малайзия, Гонконг, Сингапур елдерінен ашық келетін көрінеді. Сонымен қатар, бұл шағымдардың пошталардың әкімшілік бөлімдеріне жіберілген. Алайда жауапты екі ай немесе одан да көп куту керек болар. Егер жоғалған заттарды пошта қызметкерлері алған болса, тұтынушылар міндетті түрде қарымақы алатын болады.
Следующая →