«Ақылды бағдаршамды» енгізу Астана көшелерінде өткізу мүмкіндігін 21%-ға ұлғайтты
Бүгінде заманауи мегаполистер қала тұрғындарының өмірін жеңілдету үшін және көшелерде кептелісті азайтуға барынша ұмтылып жатыр
Өз кезегінде Астана заманауи урбандалу жолында «ақылды бағдаршамдар» жүйесін енгізуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.
Бағдаршамның жаңа жүйесі таймерді ығыстырып, автоматты түрде көлік ағынының жылдамдығына қарай ыңғайланады. Бірыңғай жүйеге қосылған «ақылды бағдаршам» бір мезетте бірнеше көшелердегі жол ахуалын қадағалап отырады.
Бұдан басқа, «ақылды бағдаршамды» пайдалану адами фактрлардың да алдын алып, жол қозғалысының жоғары тиімділігін оңтайландыра түседі. Қазіргі таңда Астана көшелерінде осындай бағдаршамдардың арқасында өткізу мүмкіндігі 21% ұлғайды.
Бүгінде Қазақстанның астанасында 84 «ақылды бағдаршам» Сарыарқа, Тұран, Мәңгілік ел, Сарайшық, Сығанақ, Қонаев пен Достық даңғылдарында орнатылған.
Следующая →