Жезқазғанда энергетикалық компания тұтынушыларына миллиард теңгеден астам қаражат қайтарады
Қарағанды облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Жезқазған энергосбыт» ЖШС ісі бойынша үкім шығарды
Сот Қарағанды облысы бойынша ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті департаментінің «Жезқазған энергосбыт» ЖШС-ға қуынымы азаматтық ісін қарады.
- Сот «Жезқазған энергосбыт» ЖШС-на тұтынушыларына сот шешімі заңды күшіне ие болған соң 30 күн ішінде 1 014 879 300 теңгені қайтару, нарықтағы бағаға сай электр энергиясымен қамтамасыз ету, төмендетілген қолдану бағасын орнату міндеттеледі, - деп хабарлайды Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі.
Мұнымен қоса, «Жезқазған энергосбыт» ЖШС-дан 30 447 514 теңге көлемінде мемлекеттік баж салығы өндіріледі.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.