Мамандар Қазақстандағы азаматтық ұшақтардың орта жасын есептеді
Тұрақты жолаушы авиарейстерінде 56 ұшақ жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті
«Эйр Астанада» орташа жасы 8 жыл болатын 31 әуе кемесі бар. «СКАТ»-тың қызмет еткеніне 17 жыл болған 13 ұшағы бар. «Бек Эйр» қызмет еткеніне 20 жыл болған 19 ұшақты пайдаланады. Ең «жас» ұшақтар «Қазақ Эйр» еншісінде. Мұндағы үш ұшақтың қызмет еткеніне 3 жыл болған.
- Айта кету керек, шетелдік авиақұрылыс тәжірибесінде «Жағдайына байланысты қолдану» ережесі қабылданған. Қазіргі таңда өндірушілер ұшақ құрылымы мен оның құралдарының жағдайын өмір бойы қадағалайтын техникалық бақылау бағдарламасын анықтауда, - дейді хабарландыруда.