Көліктерге "Ш" белгісін тағу енді міндетті емес
Енді қысқы доңғалақ таққан жүргізушілер көліктеріне «арнайы» белгіні өз қалаулары бойынша белгілейді
- Қазақстан Республикасы үкіметінің 2017 жылғы 21 қазандағы №667-ші жол жүру ережелері туралы қаулысындағы соңғы өзгерістерге орай, «Ш» белгісі көліктерге жүргізушінің өз еркімен орнатылады, - дейді ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
2016 жылдың күзі мен қысында жүргізушілер бұл белгінің тағылуына байланысты дүрлікпе тудырған болатын. Кейін белгінің жоқтығына орай айыппұл тағуға болмайтыны анықталды.
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар:
Знак "Шипы" на машинах Правоохранительные органы Казахстана 



