Алматы зейнеткерлері бір күн метромен тегін жүре алады
26 қазан күні оңтүстік астананың метрополитенінде зейнеткерлер тегін жүру мүмкіндігін алады
Бұл акция Алматыда қазан айында басталған қарттар күні айлығының жалғасы.
- Қарттарды құрметтеу және қолдау аясында Алматы қалалық «Метрополитені» КМК акцияның басталатыны туралы жариялап, 2017 жылдың 26 қазанынла зейнеткерлер бір күн тегін жүретінін хабарлайды. Өзіңізбен зейнеткерлік куәлігін және жеке куәлігіңізді алып жүруіңізді сұраймыз. Акцияны өтетін күні 2000 адам келеді деп болжануда, - дейді метрополитен баспасөз-қызметі.
Атап өту керек, 1991 жылдан бастап Қазақстанда 1 қазан Халықаралық қарттар күні тойлана бастады.
Следующая →