Шаруа тыңайтқышты мол қолданған
Зырян ауданы бидай, арпа, сұлы, күнбағыс, картоп, қауын өсірумен айналысады. Әсіресе, дәнді дақыл мен күнбағыс өсіру жағынан алдыңғы қатарда келеді
Бұған ауданның жер құнарлығы мен климаты мүмкіндік беріп отыр.
Дегенмен, шаруалар егіннің бітік шығуына жер құнарлылығы көп әсер ете қоймайтынын, оның орнына дақылдың тұқымы мен тыңайтқыштың сапасы басты назарда болу керектігін айтып отыр. Мәселен, ауданның табысты кәсіпкерінің бірі Владимир Тычинский егілетін дәнді дақылдарды шетелден алдыратынын әрі жерге көп тыңайтқыш себетіндігін, соның арқасында мол өнімге қол жеткізгенін айтады.
- Шетелден жеткізілген тұқымы өсімтал, дәні дәмді. Еуропа мен Азияның көптеген елдерін аралап, үздік дән сұрыптарын іздестірдім. Тұқым табиғатқа мейлінше бейім келсе, құмда да өсе алады. Мәселен, 2013 жылы Түркияға барғанымда түрік ағайындардың құмда жүгері өсіріп, әр гектарынан 13 тонна өнім алатындығын көріп таңқалдым. Содан бастап тұқым мен тыңайтқыштың сапасына мән бере бастадым. Әрбір гектарға 2,5 центнер тыңайтқыш себемін. Мұндай көлемде тыңайтқыш қолданатын шаруаларды ауданда көрген емеспін, - дейді Владимир Тычинский.
Шаруа егіннің мол шығуына техниканың тигізер әсер мол дейді.
- Қоластымда 30-дан астам техника бар. Оның ішінде екеуі - комбаин. Неміс комбаины сағатына 70 га жердің өнімін жинай алады. Сағатына 20 тонна өнім жинауға қауқарлы. Бір комбаин бес трактордың жұмысын жасай алады, - дейді шаруа.
Сондықтан шаруа күзде Жер-анадан мол өнім алу үшін шығынға сараң болмай, техника мен тұқымға, тыңайтқышқа көп көңіл бөлу керектігін жеткізіп, өзге агрономдарға кеңес берді. Зыряндық кәсіпкердің еңбегі мен талабына дән риза болған облыс әкімі де шаруаны арқадан қағып, қолдау білдірді.
- Владимир Петрович, Сіз өте дұрыс дүние жасайсыз. Арзанның жілігі татымас деп, қажетті тұқым мен техниканы қымбат бағаға сатып аласыз. Соның арқасында мол табысқа кенелесіз, - дейді Даниал Ахметов.
Зырян ауданы бидай, арпа, сұлу дақылдарын жинап үлгерген. Енді күнбағысты жинау жұмыстары басталмақ.
Следующая →

Тақырыптар:
Шаруа тыңайтқышты мол қолданған