Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Өскемен өкілдігі «Балаларға мейірім!» акциясын өткізді

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі қайырымдылық бағытындағы шараларды өрістетіп, әлеуметтік мекемелерге көмек көрсету ісін жүзеге асыруда

Осы бағыт аясында өкілдіктен Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы «Жаңа Шүлбі» ауылындағы «Жаңа Шүлбі балалар үйіне» қайырымдылық жасалды. Аталған шара елімізде мерекеленген «Рухани келісім күні» аясында өтті.

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі хабарлағандай, шара барысында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Даулет Қабидолдин алдымен балалар үйімен танысты. Мекеме басшысы қонақтарды ондағы балалардың жағдайымен және оқу-тәрбие жұмысымен таныстырып өтті.


Бұдан соң наиб имам облыстық «Халифа Алтай» мешіті тарапынан жасалып отырған қайырымдылық көмегін тарту етіп, балаларды мейірім шуағына бөледі. Мұнда балалар үйіне азық-түлік пен ойыншықтар, құрал- жабдықтар, киім-кешек табыс етілді.

- Балаларды мейірімге бөлеуді мақсат етіп, осы шараны әдейі ұйымдастырып отырмыз. Біз әлеуметтік мекемелерге соның ішінде облыс аумағындағы балалар үйлеріне үнемі көмек көрсетіп келеміз. Бұл сауапты іс тұрақты түрде жалғасын тауып отыратын болады, - деп атап өтті, наиб имам Даулет Қабидолдин қайрымдылықты табыстау рәсімінде.

Балалар үйінің басшылығы облыстық мешіт ұжымына алғыс білдірді.

Бастаманы қолдап, шараға сонымен қатар басқа да діни бірлестіктер де ат салысты.
Следующая →