Петропавл жүргізушісі көлік нөміріне боғауыз сөз жапсырғаны үшін 34 мың теңге айыппұл төледі
Петропавл қаласының тұрғынына көліктің мемлекеттік нөміріне боғауыз сөз жазғаны үшін айыппұл салынды.
Солтүстік Қазақстан ІІД баспасөз қызметінің деректеріне қарағанда, көлігіне қап-қара тюнинг жасалған 20 жастағы жүргізушінің көлігін тоқтатып, оған екі бірдей айыппұл салған. Оның бірі жол қозғалысын бұзғаны үшін 5 АЕК бойынша салынса, екіншісі мемлекеттік нөміріне дөрекі сөз жазғаны үшін 10 АЕК бойынша айыппұл салынған.
Нәтижесінде жас жігіт барлығы 34 мың теңге айыппұл төлеген.
Оның үстіне, көліктің алдыңғы бампері болмай шыққан, алдыңғы жақ бұрылыс көрсеткіші де істен шыққан.