NASA Қазақстанның аумағына метеорит құлауы мүмкін екенін мәлімдейді
Қазақстен мен Ресей жеріне 17 қазан күні екі метеорит құлауы мүмкін, деп хабарлайды NASA-ға сілтеме жасай отырып "Московский комсомолец"
Метеориттердің жерге жақындап келе жатқандығын NASA спутнигі де дәлелдеп отыр. Зерттеушілердің ақпараттарына сүйенсек, планетаның гравитациялық алаңында MS26-45 сериясының екі метеориті күймей қалуы мүмкін.
Егер аспан денелерінің сынықтары атмосферада күйіп кетпесе, олар Ресей мен Қазақстанның аумағына құлауы мүмкін. Бірақ елді мекендерге тимейді.
Естеріңізге сала кетсек, бір жыл бұрын 2016 жылдың қарашасында Қостанай облысының тұрғындары дәл осындай құбылыстың куәсі болған.
Следующая →