Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Әкім атынан бөлінетін грант саны өспек

Ендігі жылы облыс әкімі атынан берілетін грант саны 400-ге жетпек

Шығыстан жақын шетелге оқуға кетір жатқан түлектердің санын азайту мақсатында облыс әкімі Даниал Ахметов әкімдік тарапынан бөлінетін грант санын өсіруді ойлап отыр.

Бірақ бір шарт бар. Білім алғысы келетін мектеп түлектері облыстағы оқу орындарының бірін таңдауы қажет.

- Мен қазақстандық түлектердің жақын шетелдегі бәсекеге қабілетсіз, сапасы отандық ЖОО-нан да төмен оқу орындарында білім алғанын қаламаймын. Түлектердің, көбі, Алтай аймағы, Барнаул қаласына тегін білім үшін аттанады. Мұндай мүмкіндікті біз де ұсына аламыз, - деді Даниал Ахметов Зырян ауданындағы орта мектептің білім жетістіктерімен танысу барысында.

Сондықтан тегін білім алғысы келетін түлектер ҰБТ тапсырған соң облыс әкімі грантына үміткер бола алады.

Айта кетейік, биыл облыс әкімі тарапынан 200 тегін білім беру гранты бөлінген болатын.
Следующая →