Мүмкіндігі шектеулі балалар ерекше қамқорлықта
ШҚО прокуратурасы мүгедек балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі тобының бірлескен жұмысының қорытындысымен бөлісті
Облыс прокуратурасының бастамасы бойынша мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарының сақталуына көлемді талдау жүргізілді. Шешілетін өзекті мәселелердің тізімі қалыптастырылып, жұмыс тобы құрылды. Өткен екі айда қадағалау органы мен әртүрлі ұйымдар бірлесіп жүргізген жұмыс нәтижелері жемісті болды.
Атап айтқанда, қадағалау органы балаларды инклюзивті оқытуын қамтамасыз ету туралы мәселені бақылауға алды. Талдау барысында статистикалық мәліметтерінің бұрмалануы, арнайы жағдайларға бейімделген білім беру мекемелері мен ерекше талаптары бар балалармен жұмыс істей алатын педагогтардың тапшылығы сияқты жүйелі бұзушылықтар анықталды.
Әкімдікпен бірлесіп дайындалған іс-шаралар жоспарының қорытындылары бойынша қадағалау органы 12,7 % (1931 бала) - 17,8 % дейін, яғни, 2718 баланы инклюзивтік оқытумен қамтыды. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту үшін арнайы жағдайлар жасалған мектептердің саны да артты (19,5% -тен 26,4% дейін).
Барлық қалалар мен аудандарда ресурстық орталықтар құрылды, әр мектепте психологиялық-педагогикалық консилиумдар ашылды, қосымша 19 дефектолог-маманның ставкасы енгізілді, тағы да 42 бірлікке өтінім берілді. Бесқарағай мен Жарма аудандарында коррекциялық жұмыс жүргізетін кабинеттер ашылып, олардың алаңы кеңейтілді.
300 педагог үшін біліктілікті жоғарылату курстарын ашу бойынша жұмыстар да жүгізілуде. Осы мақсатқа 11 млн. теңге қарастырылған. Семей қаласының № 3 балалар үйінің базасында ерекше талаптары бар балалар үшін арнайы топтарын ашу мәселесі де оңды шешілді. Көру қабілеті нашар және тілі мүкіс балалар үшін екі арнайы топ ашу жоспарлануда.
Следующая →

Тақырыптар: