Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Қала жолдары қайтадан жөнделмек

Облыс әкімі Даниал Ахметов Өскемен қаласында жөнделген жолдың сапасына көңілі толмай, жол телімін тексеретін комиссия құруға тапсырма берген

Басқарма өкілдері қатысқан отырыста аймақтағы автокөлік жолдарының жөнделу жағдайы талқыланған. Кейін белгілі болғандай, жол жөндеумен айналысқан кейбір мердігерлер өз жұмысына салақ қарап, жолды жөн-жосықсыз жөндеген. ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сенсек, аймақ басшысы Өскемендегі Бажов көшесі бойындағы жолдың сапасыз салынғанын айтқан. 

- Бажов көшесінде салынған жолдың сапасы нашар. Жол екі жылдан кейін-ақ жүруге жарамсыз болып қалмақ. Біз мердігерлерге талап еткен қаржысын толықтай бөлсек те, олар өз міндетін дұрыс атқармай отыр. Арнайы комиссия құрып, жол сапасына тексеріс жүргізу қажет. Сапасыз жөнделген жол телімдерін қайта жөнделуі тиіс, - деді Даниал Ахметов.

Айта кетейік, биыл Өскемен қаласындағы көшелер мен жолдарды жөндеуге барлығы 8 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде 5,7 млрд теңге қаржы жолдарды қайта қалпына келтіруге жұмсалса, 1,5 млрд теңгесі орташа жөндеуге, 900 млн теңгесі көше бойын жарықтандыруға берілген. 

Қазіргі уақытта жоспарланған жөндеу жұмыстарының 90 пайызы атқарылған. 

Следующая →