Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстандық десантшылар Армениядағы арнайы тактикалық дайындыққа қатысты

Армения Республикасының «Баграмян» әскери сынақ алаңында Шарт Ұйымы Ұжымдық жедел ден қою күштерінің «Жауынгерлік бауырластық-2017» дайындығы өтуде

2017 жылғы 3 қазанда Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы Ұжымдық жедел ден қою күштерінің «Жауынгерлік бауырластық-2017» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуы басталды. Аталмыш оқу-жаттығудың алғашқы кезеңі барлау күштері мен құралдарының «Ізестіру-2017» тактикалық арнайы оқу-жаттығуы болды.

Оқу-жаттығудың ниетіне сәйкес халықаралық жағдайдың шиеленісуі кезінде ҰҚШҰ-ның шартты мүше мемлекеттерінің бірінің аумағына заңсыз қарулы құралымдардың ену ықтималдылығы туындады. Оңтүстік әскери округтің полигонында жедел-тактикалық жағдайды қадағалау мақсатында Ұжымдық жедел ден қою күштерінің басшылығы ҰҚШҰ-ның барлық елдері өкілдерінің қатысуымен барлауды басқарудың бірлескен пунктін өрістетті.

Қабылданған шешімге сәйкес барлау бөлімшелері Армения Республикасының «Баграмян» полигонына жауынгерлік арналым аудандарына келді. Онда қысқа мерзімде қойылған оқу-жауынгерлік тапсырмаларды, оның ішінде, барлау-іздестіру іс-қимылдарын, шабуылдауды, атыспен торуыл жасауды, сондай-ақ фалл арқылы әуеден десанттай отырып, басып алынған ғимаратқа шабуыл жасауды орындады. Қазақстанның Қарулы Күштері оқу-жаттығуда Десанттық-шабуылдау әскерлерінің барлау бөлімшесі ретінде ұсынылды.

«Аталмыш оқу-жаттығу барлауды басқару органдарының үйлесімділігін арттыруға, барлау операцияларын жоспарлау кезінде іс-әрекеттің бірізділігін бірыңғай ұғынуға қол жеткізуге, сондай-ақ радиотехникалық, радиоэлектрондық, ақпараттық, арнайы және әскери барлауды жүргізуде озық тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді», - деп ҚР ҚК-нен жедел топ жетекшісі полковник Болат Жорабаев оқу-жаттығу нәтижелерін баяндап берді.

«Іздестіру-2017» тактикалық арнайы оқу-жаттығуының соңында оның үздік қатысушылары медальдармен, грамоталар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ұжымдық жедел ден қою күштерінің «Жауынгерлік бауырластық-2017» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуы биылғы жылы алғаш рет бірыңғай түпкі ниет, қисынды бірізділікте өтуде және 2017 жылғы қазан-қараша айларында Ресей Федерациясы, Армения, Қазақстан және Тәжікстанның аумағында кезекпен-кезек өткізілетін 4 кезеңнен тұрады.

«Өзара іс-қимыл-2017» деп аталатын келесі кезең ағымдағы жылғы 9 қазанда Армения Республикасының «Баграмян» полигонында басталады.

Следующая →